Атырау, 5 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматы облысында МИ-823 тікұшағы екінші күннен бері іздестірілуде

1 955 рет қаралды

Алматы облысында екінші күн МИ-823 тікұшағы іздестірілуде. Оның ішінде инженер, ұшуды бақылаушы, ұшқыш және борт механигінен құралған 8 адам болған.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанат Сембаевтың айтуынша, тікұшақ кеше таңертең Алакөл ауданындағы нөмірі 11-ші алаңынан аспанға көтерілген. Содан кейін байланысқа шықпаған. Жанат Сембаев «ЕвроАзияЭйр» АҚ Жезқазған бөлімшесіне қарасты тікұшақты «Казахстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден бақылау үшін жалға алғанын айтады. Әзірге тікұшақ табылған жоқ. Қараңғы түсіп кеткендіктен бүгінше іздестіру тоқтатылып, ертең қайта жалғастыру көзделіп отыр.

Дереккөз: baq.kz

26 қараша 2012, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.