Атырау, 26 желтоқсан 16:40
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Иран АҚШ-қа өзінің әуе және теңіз шекараларын бұзғандығы туралы ескерту жасады

1 873 просмотра

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әлі елшісі АҚШ кемелерінің Парсы шығанағындағы заңсыз әрекеттері мен осы ел ұшқышсыз ұшақтарының Иранның әуе кеңістігін бұзуына қатысты ескерту айтты.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әлі елшісі Мұхаммад Хазаи БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңеске хат жолдап, АҚШ кемелерінің Иранның әуе және теңіз шекараларына жақын жерде атқарып жатқан заңсыз әрекеттерін сынап, мұны арандатушы әрекет деп атады. Хазаи: "АҚШ ұшақтары 2012 жылғы қазан айында Иранның оңтүстігіндегі Бушер аймағында осы елдің атом электр стансасы орналасқан жердің үстімен бірнеше мәрте ұшып өтті. АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтары да қараша айының басында ИИР тарапынан айтылған ескертуге қарамастан, оның әуе кеңістігін бұзды", -деп толықтырды. Осы мәлімет бойынша, ИИР БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннан АҚШ тарапынан Иранға қарсы халықаралық құқықтар бұзыла беретін болса, оған қатысты заңды әрі іс жүзінде шара қолдануын сұрады. Ақ үй осы тақырыпқа қатысты өз пікірін әлі білдірген жоқ.

Дереккөз: kazakh.irib.ir
 

25 қараша 2012, 22:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.