Атырау, 22 қараша 10:23
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Кешкі серуенге шықпаған жөн-ау

4 525 просмотра


8 сәуірге қараған түні Атырау қалалық полиция басқармасына 40 адам, ал 9-на қараған түні 29 адам жеткізілді. Олардың барлығы кешкі сағат 21.00-ден таңғы сағат алтыға дейін көшеде жүруге тыйым салынған шектеуді бұзған.

- Полиция қызметкерлері қала көшелерінде тәулік бойы кезекшілік атқаруда, жедел топтар мен жаяу нарядтар жұмылдырылған. Барлық құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК - нің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу), бойынша әкімшілік хаттамалар ресімделіп, материалдар әкімшілік сотқа жолданды, - дейді Полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА.

Төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бастап Атырау облысында тәртіп бұзған 169 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 44 қамауға алынды. Сондай-ақ, полицияда қорғаныс маскасыз жүргені үшін әкімшілік жаза қарастырылғанын тағы еске салды.

Фархат ӘБІЛОВ

9 сәуір 2020, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.