Атырау, 15 қыркүйек 06:04
 дождьВ Атырау +19.7
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Атырау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай туралы ақпарат

5 476 рет қаралды


Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау қаласынан тіркелді. Науқастардың екеуі 31 - 33  жастағы әйел адамдар, біреуі 64 жастағы ер адам. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
 
09.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 42 адам анықталды.


9 сәуір 2020, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.