Атырау, 15 қараша 09:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Лондон соты БТА-банкінің бұрынғы басшысы М.Әбіләзовтан 2,1 млрд. доллар өндіріп алуға шешім шығарды

1 942 просмотра

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Лондонның Жоғарғы соты «БТА банкі» АҚ-ның (Қазақстан Республикасы) бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтан келтірген шығындары үшін банк пайдасына 2,1 млрд. доллар көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы қаулы шығарды. Бұл ақпаратты Би-Би-Си таратты.

М.Әбіләзов 2005-2009 жылдары аралығында БТА банкін басқарған болатын. Міне осы уақытта 13 млрд. доллар қарызға белшесінен батқан банк банкротқа ұшыраған еді. Ал қызметінен шеттетілген М.Әбіләзов Ұлыбританияға бой тасалаған-ды. Қазақстан құқық қорғау органдарының аудиті нәтижесінде М.Әбіләзовқа, оның орынбасары Жақсылық Жарымбетовке және банктің бірқатар қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу мәліметтеріне қарағанда БТА банкі директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы әрі иесі М.Әбіләзов басқарған халықаралық қылмыстық топ 5 млрд. доллардан астам қаржыны ұрлаған.

Ал М.Әбіләзовтің айтуынша, ол оппозициялық партияны қаржыландырғаны, яғни саяси сылтаумен қудалануда. 2011 жылы Лондон оған саяси баспана берді.

 М.Әбіләзовқа қатысты қылмыстық іс Ресейде де қозғалып отыр. Тергеу барысында оның 2006 жылы БТА банкінің мүлкін ұрлау мақсатында қылмысты топ құрғандығы белгілі болды. 2010 жылы Мәскеудің Тверь аудандық соты оны тұтқынға алу үшін сырттай санкция берді.

Қашқын банкирге бассауға болған Лондон БТА банкінің талап арызы негізінде сотқа шақырған болатын. Алайда сотқа құрмет көрсетпегені үшін Лондон Жоғарғы соты банкирді 22 айға тұтқынға алу шешімін шығарған еді. Қазіргі уақытта М.Әбіләзовтің қайда жүргендігі белгісіз.

Дереккөз: inform.kz
 

24 қараша 2012, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.