Атырау, 23 желтоқсан 23:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Андрей Малахов Алматыдағы әскери госпитальді америкалықтарға үлгі етті

5 849 рет қаралды


Тележүргізуші оларды Нью-Йорктің орталық саябағында тігілген шатырлармен салыстырды.

«Россия-1» телеарнасының  тікелей эфирінде белгілі  тележүргізуші Андрей Малахов Қазақстандағы әскери госпитальді мақтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Коронавирус инфекциясына қарсы күреске арналған бағдарламада Малахов Қазақстандағы далалық госпитальге тоқталып, оны Нью-Йорктің орталық саябағында тігілген шатырлармен салыстырды.

«АҚШ және ондағы шатырлар. Ал мынау міне, Алматы. Қараңыздар.  Госпиталь. Бәрі рет-ретімен құрылған, іші де керемет. Госпитальді 5 күнде жинап шыққан. Ал медицинасы дамыған, тіс дәрігері, пластикалық хирургиясы керемет дейтін Американың түрі мынау», - деді Қазақстандағы әскери госпитальді үлгі еткен Андрей Малахов.

Айта кетейік, әскери госпиталь Малахов айтқандай 5 күнде емес, 72 сағатта құрылды. Америкада бүгінге дейін 11 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды. Олардың тең жартысы Нью-Йорк қаласының тұрғындары. Онда ауруханаға сыймаған науқастарды саябақтарда тігілген шатырларға жатқызу туралы шешім қабылданған.

9 сәуір 2020, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.