Атырау, 20 сәуір 00:36
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Коронавирусқа шалдыққан бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды - Біртанов

9 374 просмотра

Фото: Forbes.kz сайтынан
Шетелден оралған азамат туған күн тойлап, қонақтарына жұқтырған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өтінішімен коронавирус жұқтырған бір азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Елжан Біртанов Forbes-қа берген сұхбатында мәлімдеді.

«Аталған азамат Мәскеуден ұшып келді, онда ол ауру адаммен байланыста болған. Ұшып келген соң, оқшауланудың орнына, туған күнін тойлап, банкет жасаған. Қонақтардан індетке шалдыққан адаммен байланыста болу фактісін жасырған. Нәтижесінде бірнеше адам ауруға шалдыққан. Қазір бұл адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деді министр.

Дереккөз: Азаттық рухы

9 сәуір 2020, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.