Атырау, 25 сәуір 20:28
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Талғар соты Bek Аir-дің үй иесіне қарсы талап арызын қараусыз қалдырды

3 839 просмотра


Бүгін Талғар аудандық соты Bek Аir әуе компаниясына тиесілі ұшақ соғылған ғимарат иесінің талап арызын ішінара қанағаттандырды. Онлайн түрінде өткен сот барысында аудандық сот судьясы Қарлығаш Есәлинова  азаматтық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған. Қаулы 5 жұмыс күні ішінде күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жер иесі Решет Қалибек жақында Bek Аir әуе компаниясына қарсы арыз берген болатын. Оның адвокаты ұшақ құлаған аумақта құжат жүзінде жер болғанымен, үй жоқ. Сондықтан әуе компаниясының берген талап арызы негізсіз деген. Осы өтініш бойынша бүгін сот қазысы қаулы шығарды. Азаматтық тәртіптегі сот тоқтатылды. Былтыр 27 желтоқсандағы ұшақ құлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істер қаралып біткенше, Талғар аудандық соты азаматтық процессуалдық істерді қарауды тоқтатуға шешім қабылдады дейді заңгер Жәнібек Башанов.

«Бүгін онлайн тәртібіндегі сот сағат 16.30-да басталды. Оған 4 камера қосылған. Мен, «Бек Эйрдің» заңгері қатыстық. Ал Решет Шелектегі үйінен WhatsApp желісі арқылы тікелей қосылды. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 272-бабы негізінде іс ішінара қанағаттандырылды. Демек, бұдан бұрын ұшақ құлау оқиғасынан соң қозғалған қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешім қабылданбайынша, Bek Аir уе компаниясының Решет Қалибектің үстінен берген талап арызы да қарастырылмайтын болады», - дейді қорғаушы.

Айта кетейік, Алматы облысы Талғар ауданындық сотына әуе компаниясының басшылығы құрылысты заңсыз деп тану жөнінде шағым берген болатын. Сот 21 ақпанда істі қарауға отырғанымен, кейбір тараптардың дайындықсыз келуіне байланысты 20 наурызға шегерілген еді. Алайда жер иесі Решет Қалибек адвокат жалдап, әуе мекемесіне қарсы талап арыз берген соң, ол бүгін онлайн тәртібінде қаралды.

9 сәуір 2020, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.