Атырау, 29 наурыз 16:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Бұдан әрі күтуге болмайды": Назарбаева дағдарыс проблеманың бетін ашқанын айтты

15 252 просмотра


Сенат спикері Дариға Назарбаева "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы дереу қайта қаралуы керек деп санайды. Бұл туралы ол сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қазіргі жағдай мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен электронды қызметтердің жұмысында бірқатар проблема барын көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Осы дағдарыс кезінде беті ашылған проблемаларды ескере отырып, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын дереу қайта қарау керек", - деді Назарбаева сенат отырысында.

Депутаттар бюрократия Қазақстанның басқару жүйесі мен экономиканы цифрландыруда жедел жұмыс жүргізуге мүдделі емес екенін, статистиканы бір ретке келтіру туралы бірнеше мәрте айтқан болатын.

"Біз енді көріп отырғанымыздай, бұдан әрі күтуге болмайды. Қимыл-әрекет жасауымыз қажет", - деді спикер.

Сенат төрағасы әлемдік экономикадағы ахуалдың өзгеруі мемлекеттік саясаттың жаңа басымдықтарын қалыптастырып отырғанын айтты.

Назарбаева мемлекеттік саясатта қауіпсіздікке баса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, жеке

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

9 сәуір 2020, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.