Темірбек Мұсағалиев бас санитарлық дәрігер боп тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
8 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Атырау облысының жаңа бас санитарлық дәрігері қызметіне Темірбек Мұсағалиев тағайындалды.
Облыстың жаңа санитарлық бас дәрігері Қарағанды медициналық институтын бітірді, 1985 жылдан бастап Атырау қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер болып жұмыс істеді.
2003 жылы Атырау қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарды. 2018 жылы Атырау облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне басшылық етті.
Өңірдің жаңа санитарлық дәрігері өзінің жаңа міндетін Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалындағы жұмысымен қатар атқаратын болады.