Атырау, 24 сәуір 11:56
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 2 мыңға жуық адам қайтыс болды

3 737 просмотра


АҚШ коронавирустан бір тәулікте қайтыс болған адам саны бойынша жаңа антирекорд орнатты. Бұл туралы Джонс Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Бүгінге дейін АҚШ-та COVID-19-дан 14 768 адам қайтыс болған. Ал біртәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1965 адам көз жұмған. 

Жалпы АҚШ коронавирусты жұқтырған адам саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны - 431 мыңдай, 23 мың адам жазылып шыққан. Мұндай жоғары көрсеткіштерді Трамп халықтың жаппай коронавирустан тестілеуден өтуімен байланыстырған. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 727-ге жетті. Барлығы 54 адам жазылып шығып, 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Дереккөз:   Tengrinews.kz

9 сәуір 2020, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.