Атырау, 25 қараша 09:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында бүгін анықталған үш жағдай туралы екі баспасөз хабарламасы шықты

10 260 просмотра


9 сәуір күні коронавирус жұқтырған үш жағдай тіркелді деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникация қызметі.

Үшеуі де 27 мамырда келген «Стамбул-Атырау» рейсі жолаушыларымен қарым-қатынаста болған. Олар 1958 жылы туған ер адам мен әйел адам және бірі ер адам 1981 жылы туған.

Осы уақытқа дейін олар карантиндік стационарда болған.

Қазір науқастарды жұқпалы аурулар стационарына орналастырды, жағдайлары бірқалыпты.

ӨКҚ түсіндіргендей, үшеуі де бір ұшақтың жолаушылары және бірден карантинге жатқызылғандықтан жергілікті тұрғындармен кездеспеген.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өзінің Телеграмм-каналында жариялаған екінші баспасөз хабарламасында «Стамбул-Атырау» жолаушылары туралы бір ауыз сөз жоқ. Онда жергілікті тұрғындар туралы айтылып, «олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда» делінген. 

Төменде шұғыл штабтың баспасөз хабарламасының толық нұсқасын ұсынамыз. (09.04.2020 жылғы сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша) 

Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. 

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. 

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 09.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.

9 сәуір 2020, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.