Атырау, 10 желтоқсан 16:09
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

ҚР Бас прокуратурасы Facebook, Twitter және LiveJournal интернет-порталдарына арызбен жүгінгендігін жоққа шығарды

1 602 просмотра

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Прокуратурасы Facebook, Twitter және LiveJournal интернет-порталдарына қатысты сотқа арызбен жүгінгендігі жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды және ашық арандатушылық сипатта жасалған.

Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Алматы қаласының прокуратурасы берген арызда тек «Республика», «Взгляд», «Стан ТВ» бейнепорталы мен «К+» телеарнасын экстремистік деп тану және олардың Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу талабы жөнінде айтылған», - деді ол.

«Ақпарат құралдарында айтылған танымал әлеуметтік желілер аталмыш арыз бойынша жауапкер болып табылмайды, сөз тек Google, Facebook, Twitter және LiveJournal сайттарында «Республика» мен «Взгляд» ресурстарын қайталайтын жеке және белгілі бір парақшалар мен блогтар жөнінде болып отыр. Егер аталмыш басылымдардың таралуына тыйым салатын сот шешімі шығатын болса, онда жоғарыда аталған интернет-порталдардың әкімшілігі алдында, толық порталды емес, нақты парақшаларды жауып тастау жөнінде сауал қойылады», - деп атап өтті Н.Сүйіндіков.

Ресми өкілдің атап өткеніндей, арыздар «Республика», «Взгляд» басылымдарына, «Стан ТВ» бейнепорталына және «К+» телеарнасына қатысты берілді.
Дереккөз: inform.kz

23 қараша 2012, 20:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.