Атырау, 15 қыркүйек 06:04
 дождьВ Атырау +19.7
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат

5 514 рет қаралды


Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
 
09.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.

9 сәуір 2020, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.