Атырау, 25 қараша 11:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкім аппаратында жаңа басшы

5 668 просмотра


Болат Исаков Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ол 1968 жылы Жамбыл облысында туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды «Қолданбалы математика», ал 1999 жылы "Әділет" жоғары құқық мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 1995-2010 жылдары Жамбыл облыстық құқықтық ақпарат орталығының бас маманы, Жамбыл облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, содан кейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болған.

2013-2014 жылдары Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы, содан кейін Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары –Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы –Тәртіптік кеңестің төрағасы болды.

Соңғы жұмыс орны— Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 сәуір 2020, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.