Атырау, 7 шілде 07:35
 дождьВ Атырау +24.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Қырғызстанда дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған аурухана жабылды

3 784 рет қаралды


Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған соң жабылды, - деп хабарлайды РИА Новости.  

"Бұл аурухананың барлық қызметкері коронавирус жұқтырған, сондықтан біз мекемені жабуға мәжбүрміз. Науқастарды Ош қаласына жібереміз", - деді денсаулық сақтау министрі Сабыржан Әбдікәрімов.

Министрдің айтуынша, ауруханада дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 270-ке жетті. Төрт адам қайтыс болған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген.

Дереккөз: tengrinews.kz  

8 сәуір 2020, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.