Атырау, 27 желтоқсан 02:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Астанада алғаш рет балаларға бүйрек салу операциясы жасалды

3 703 просмотра

АСТАНА, 23 қар– Қазақстан жаңалықтары АА. Астанада алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің шетелде емделуге арналған күту парағында тұрған балаларға бүйрек салу операциясы жасалды деп хабарлайды «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық медициналық холдингтың Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығындағы (бұдан әрі - АБҰҒО) 4, 10 және 17 жастағы 3 балаға тірі туыс донорлардан алынып операция жасалды. Қазіргі уақытта операция жасалған пациенттер реанимация бөлімінде, олардың хал-жағдайы тұрақты және жасалған операциялардың ауыртпалықтарына сәйкес келеді. Алып салынған мүшелер жұмыс істеп тұр.

«Донорлық бүйректерді трансплантациялау бойынша операциялар импорт алмастырушы инновациялық технологияларды ендіруге орай шеберлік сыныбының шеңберінде Беларусь Республикасынан келген әріптестермен бірлесіп жасалды. Операция екі операция бөлімінде жасалды. Урологтар бригадасының бірі донорлық бүйректі алса, дәл сол уақытта басқа трансплантологтар бригадасы бала-рецепиентке бүйрек салу операциясын жасады. Донорлар Республикалық диагностикалық орталықта тегін тексерілді, сол жерде операциядан кейінгі кезеңде реципиенттерді талдау мониторингі жасалады.»,-делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда балалар арасында бүйрек аурулары проблемасы өте өзекті. Шетелде бүйрек салу бойынша күту парағында 27 бала тұр, оның 24-і АБҰҒО-да орынбасарлық бүйрек терапиясын алып жүр. Ана мен бала орталығы балаларға жасалатын орынбасарлық бүйрек терапиясының барлық 3-уі – гемодиализ, перитонеальды диализ және бүйрек трансплантациясы ендірілген республикамыздағы бірінші клиника болып табылады. Кейін бүйрек салынған балалар өсіп, мектепке барып, тұрмысқа шығады немесе үйленеді, бала сүйеді.

«Балаларға бүйрек салу бойынша операциялар алдын ала үлкен дайындық кезеңінен өтеді. АБҰҒО дәрігерлері шетелде арнайы дайындықтан өтті. Балаларға бүйрек салудың бірқатар өзгешелігі бар екендігін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, өзіне тән талаптарға сәйкес «ересектер» клиникасының базасында кішкентай пациенттерге бүйрек трансплантациясын жасау мүмкін емес. Операцияға дейінгі кезеңдегі балалар диализі бөлімшесінің, операцияның өзіндің ерекшеліктерінің болуы және де ең маңыздысы осындай пациенттерді операциядан кейінгі кезеңде бағып-күту балалар нефрологінің арнайы дайындығын талап етеді. Қазіргі таңда Ана мен бала орталығының балаларға бүйрек трансплантациялау операциясын жасауға арналған барлық қажетті жағдай жасалған – нефроморфологиялық зертхана, диализ, нефрология, қарқынды терапия және осындай операциялардан кейінгі балаларды күтуге арналған реанимация бөлімшелері бар»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

23 қараша 2012, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.