7 сәуірден бастап Атырау полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қатысты алдын алу шараларын өткізуді бастап кетті. Себебі, Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген толықтырулар заңды күшіне енгеннен кейін, қала тұрғындарына сағат 21.00-ден кейін жолға және көшеге шығуға тыйым салынды. Әзірге тек ескерту жасалуда, бірақ бұл ұзаққа созылмайды.
Қалада күндіз онсыз да көп қыдыра алмайсың. Полиция қызметкерлері келіп, көшеде не үшін жүргеніңді сұрап қалуы мүмкін. Осы күндері жұмысқа шығатын адамда полицияға көрсететін тиісті анықтамасы болғаны жөн.
- Бұрын хабарлағандай, Атырауда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер дәлелді себеп болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Көшеге тек жұмысқа, емханаға баруға, үйіне азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар сатып алуға шығуға болады, - деп жауап берді «АЖ»-ның сұрақтарына Атырау облыстық әкімдігінде.
- Бұрын 19:00-ден кейін көшеге шығуға болмайтын еді, енді 21:00-ден кейін бе?
- Иә, адамдар жұмыстан кейін үйге оралуға немесе жұмыстан шығып, дүкеннен қажетті затын сатып алуға мүмкіндік жасалып, уақыт ұзартылды.
- Адамдар полицейге үйден аса қажеттілік үшін шыққанын қалай дәлелдей алады?
- Қала тұрғындары полицейлерді алдамайды деп үміттенеміз.
Айтпақшы, көптеген қала тұрғындары өз пікірлерінде Атыраудағы карантиндік шаралар коменданттық сағаттан еш айырмашылығы жоқ деп санайды. Бірақ облыс әкімдігінде бұл пікірді жоққа шығарды.
Фархат ӘБІЛОВ