Қазіргі уақытта 24 кадет пен олардың екі мұғалімі үй карантиніне жатқызылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуір күні Қазақстан-Британ техникалық университеті Қазақстан Теңіз академиясының 24 студенті мен олардың екі оқытушысы "Амстердам-Атырау" бағытында ұшып келген. Бұған дейін олар карантин енгізіліп, рейстердің тоқтатылуына орай Франкфурттан Қазақстанға жете алмаған болатын.
Атырауда кадеттер карантиндік оқшаулауға жатқызылып, коронавирусты анықтау үшін сынама тест алынды. Тексеріс нәтижесінде қауіпті инфекцияның жоқтығы анықталып, олар қаладағы қонақ үйлердің біріне үй карантиніне ауыстырылған.
Айта кетейік, бүгінде инфекциялық стационарда - 32 науқас, провизорлық стационарда - 26, карантиндік стационарда - 139 адам бар. Ал, 838 адам үй карантиніне жатқызылған.