6 сәуірде сағат 17.30 шамасында Махамбет ауданының орталығында стадион шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Коронавирусқа байланысты стадион жабық болып, ешкім зардап шекпеген.
Аталмыш стадион 2018 жылы 501 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілген еді. Тапсырыс берген облыстық құрылыс басқармасы болса, мердігері «БекболатовтарҚұрылыс» ЖШС еді.
-Кепілдік мерзім аяқталған жоқ, -дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Зұлқарнай МҰҚАШ. - Сол себептен мердігер шатырды қалпына келтіруді өз міндетіне алып, жөндеу жұмысын бастап кетті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА