
Тәуелсіздіктің басты жақтасы Үкімет басшысы Артур Мас жергілікті жұртты өзінің «Жақындасу және бірігу» партиясы үшін дауыс беруге шақырады. Жеңіске жеткен жағдайда, Премьер 2016 жылы Каталонияның Тәуелсіздігіне қатысты референдум өткізбек. Оның айтуынша, Каталонияның Дербес мемлекет болуға мүмкіндігі мол. Егемендік жақтастары, «Егер Каталония Испания құрамынан шықса, онда ел Еуропадағы бай жеті мемлекеттің бірі болады», деп отыр.
Дереккөз: kaztrk.kz
23 қараша 2012, 17:34