Ирландиялық ғалымдар ағзадағы қандай дәруменнің тапшылығы коронавирусты күшейтуі мүмкін екенін анықтады.
D витамині иммундық жүйенің респираторлық инфекцияларға, соның ішінде COVID-19-ға төзімділігі үшін жауап береді. «Біз жүргізген зерттеу ағзасында D дәрумені аз адамдардың инфекцияға қарсы иммундық реакцияның әлсірейтінін көрсетті», - деді дәрігер Имон Лэйрд.
Ғалымдар D дәрумені әсіресе респираторлық инфекциялармен ауыратын қарт адамдар үшін өте маңызды екенін айтты. D дәруменінің негізгі көзі – күн.
Егер адамға күн сәулесі жетіспесе, дәрігерлер ағзаны D дәрумені бар өнімдермен байытуға кеңес береді. Әсіресе, жұмыртқа, бауыр, майлы балық, жарма мен сүт өнімдеріне ерекше мән беру керек.
Дереккөз: 24.kz