Атырау, 21 қаңтар 01:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -12
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Атырауда құқыққорғаушылар әйелдер колониясын тексерді

Сурет
5 391 рет қаралды


Қоғамдық бақылау комиссиясы Атырау қаласындағы УГ-157/11 (әйелдер түзету колониясы) мекемесіне барды. Құқыққорғаушылар төтенше жағдай кезіндегі санитарлық шаралардың сақталуын тексеріп, сотталушыларға кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетті.

Бақылаушылар медициналық бөлімшені, асхананы, өндірістік цехты аралады. Айтарлықтай кінәрат-талаптар туындаған жоқ.



- Мекеме гигиена және дезинфекциялау құралдарымен толықтай қамтылған. Тексеру кезінде қызметкерлер арнайы қорғаныс костюмін киіп жүрді, - дейді УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Руслан СҰЛТАНОВ.

Тексеру барысында құқыққорғаушыларға сотталушылардан шағым мен өтініш түспеді.

ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Атыраудағы екі түзету колониясында 500-ден астам адам жазасын өтеуде.

Фархат ӘБІЛОВ

ҚАЖД баспасөз қызметі ұсынған суреттер

7 сәуір 2020, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.