Атырау, 26 ақпан 13:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Шымкентте науқас бүкіл отбасына коронавирус жұқтырды

3 565 рет қаралды


Шымкентте індетке шалдыққан 14-ші науқас отбасындағы бес адамға вирус жұқтырған, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

"Шымкентте бес адам тіркелді. Барлығы вирус жұқтырған 14-ші науқаспен байланыста болған, пациенттің отбасы мүшелері. Оқшаулауда жатқан еді. Анализ оң нәтиже көрсетті", -делінген хабарламада.

Қазір олар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған, тиісті ем алып жатыр.

4 сәуірден бастап Шымкент қаласы карантинге жабылды.

7 сәуір 08:35-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 670 науқас тіркелді. Оның 19-ы Шымкент қаласында анықталып отыр.


Дереккөз: sputniknews.kz

7 сәуір 2020, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.