Мысыр президенті Мохаммед Мурси елдің конституциялық декларациясын жариялады. Бұл құжат оның өкілеттілігін арттыра түспек.
Декларацияда елдің бастапқы заңын жетілдіретін Мысырдың конституциялық комиссиясының қызметі екі айға созылған. Сондай-ақ, құжатта Мысыр төңкерісі кезінде құлаған Хосни Мүбарак режиміне қарсы шыққан ереуілшілерге қатысты тармақ та бар. Бұл бапта шеруге шыққандардың қылмыстарына қарсы тергеу жұмыстарының қайта қаралуы туралы жазылған. Бұл құжатты президенттің жақтастары қолдаса, оппозиция өкілдері қарсылығын білдірді. Олар Мысыр халқын жұма намазынан кейін ереуілге шығуға шақырып отыр.
Дереккөз: 24 KZ