Атырау, 26 қараша 09:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Францияда кеше коронавирустан рекордтық адам өлімі тіркелді

3 435 просмотра


Франция соңғы тәулікте 833 коронавирустан қайтыс болған. Бұл елде пандемия басталған кезден бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, Covid-19 коронавирус инфекциясының жаңа түрінен қайтыс болғандар саны - 8 911 адам, ал ауруға шалдыққандар саны - 98 010 адам болды. «Біз бұл эпидемияның соңына дейін әлі жеткен жоқпыз», - деп ескертті елдің денсаулық сақтау министрі Оливье Веран. 

Францияның Денсаулық сақтау министрлігінің дүйсенбі кешке жариялаған мәліметі бойынша, соңғы 24 сағатта ауруханаларда 605 адам, ал қарттар үйінде – тағы 228 адам көз жұмған. Жансақтау бөлімінде жатқан адамдар саны небәрі 1,3 пайыз – 7072 адамға дейін өсті. 

Веран ел үкіметінің коронавирус инфекциясынан 27 пайыз адам көз жұмған қарттар үйлерін тексеруді бастайтынын мәлім етті. Ресми дереккөздер бойынша, дүйсенбі күні Италияда індеттен қайтыс болғандар саны қайта өсе бастады. Онда вирус құрбандарының әлем бойынша ең көп саны тіркеліп, 16 523 адамды құрап отыр. 

Пандемия құрбандарының саны бойынша екінші орында тұрған Испанияда күн сайынғы адам өлімі саны төмендей түскен. Төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары Мария Хосе Сьерра коронавирус өршуінің қарқыны көп аймақтарда бәсеңдегенін хабарлады. Испанияда індеттен жалпы алғанда 13 055 адам қайтыс болған.


Дереккөз:  inform.kz

7 сәуір 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.