Атырау, 25 қараша 11:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда сағат 21:00-ден кейін супермаркеттер мен сауда орталықтарындағы дәріханалар жұмысын тоқтатады

Сурет
5 282 просмотра


Өңірде  кешкі сағат тоғыздан кейін  азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу шектеледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы   29 наурыздағы «Атырау облысының аумағында қосымша шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысындағы  толықтыруларға сәйкес, азық-түлік супермаркеттерінің, азық-түлік дүкендерінің, жанар-жағармай бекеттеріндегі сауда нүктелерінің, дәріханалар мен сауда-ойын-сауық орталықтарындағы  негізгі тауарлардың сатылымы  кешкі сағат 20:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін тоқтайды.

Сондай-ақ, Атырау облысының Бас санитарының  қаулысындағы өзгерістерге сәйкес, жоғарыда аталған барлық сауда субъектілері тауарларды  үйге жеткізіп беруді тоқтатуы тиіс.  

Айта кетейік, 29 наурыздағы Қаулы  өз күшін жоғалтпайды, тек сауда-ойын-сауық орталығындағы сауда объектілерінің қызметіне шектеулер қойылады.

6 сәуір 2020, 22:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.