Атырау, 22 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырау облысының тұрғындарына коронавирусты анықтайтын 1300-ге жуық сынама тест жасалды

4 030 просмотра


Олардың арасында  29 науқаста ғана коронавирустық инфекция
расталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 1300-ге жуық ПТР тест жүргізілген.  Оның ішінде қауіпті індетті 29 адамның жұқтырғаны белгілі болды. 

Айта кетейік,  Covid-19 дертіне шалдыққандармен жақын байланыста болған барлық тұлғаларға  ПТР сынақтары жүргізіліп, нәтижесінде олардың тесті теріс нәтиже көрсетті. 

ПТР тесттеріне негізделген диагностика  -  адам ағзасындағы коронавирус инфекциясын анықтайтын нақты  әдіс болып табылады. Сынама тесті  вирустың  РНҚ фрагменттерін анықтауға негізделген.

6 сәуір 2020, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.