Атырау, 27 желтоқсан 02:59
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Құлдықта болған өзбекстандық азамат босатылды

2 210 просмотра
Құлдықта болған  өзбекстандық азамат босатылды

Алты жыл бұрын із-түссіз жоғалған Өзбекстан Республикасының азаматы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласынан табылды. 48 жасар азаматты жергілікті кәсіпкер күштеп жұмысқа жегіп, жертөледе қамап ұстаған.

Құжатын ұрып-соғып тартып алған. Көрші елдің азаматы оңтүстік өңіріне 2006 жылы жұмыс іздеп келген. Содан бері құлдықтың бұғауында жүріпті. Өзбекстандық ер азамат кәсіпкерге тиесілі ғимараттарда құрылыс жұмыстары мен үй шаруаларын да атқарған. Тіпті көңіліне жақпай қалған  жағдайда  тамақ та бермей қойған. Кентаулық кәсіпкер жағымсыз әрекеттерге өзінің 1985 жылы туылған ұлын да араластырғаны белгілі болды. Бұл оқиға Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен «Бүркіт» арнайы жасағының бірлесіп жүргізген шұғыл әрекеті кезінде әшкереленді.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:

- Осы жәйтке қатысты, ҚР ҚК 126 бабы бойынша заңсыз бостандықтан айыру қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар тергеу абақтысында қамауда отыр. Тергеу барысында күдіктілердің тағы бір бопсалау бойынша қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.Теги: Дереккөз: 24 KZ

23 қараша 2012, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.