Атырау, 22 қараша 09:43
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Домбыра әр қазақтың рухын көкке көтереді

Бейнежазба
5 790 просмотра


Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылының тұрғындары «халық шығармашылығының челленджін» ұйымдастырды. Музыкалық эстафетаны ұйымдастырушы - орта мектеп мұғалімі Құралбек ЖҰМАЕВ.

Ауыл тұрғындарының өз ватсабы бар, ол жерде онлайн режимде өзекті мәселелер талқыланады. Карантин кезінде музыка пәнінің мұғалімі Құралбек Жұмаев ауылдастарын жігерлендіру үшін ұлттық өнерді насихаттап, шығармашылық челленджін бастап кетті. Өзі домбырада күй ойнап, оны чатқа жолдап, өз бастамасын жалғастыруды ұсынған. Құралбекті ауылдастырының бәрі - жасы да, кәрісі де, музыкадан хабары бары да, жоғы да қолдады. Таңғы сағат алтыдан бастап ауыл тұрғындары домбырамен халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындады.


– Сайын далада еркін өскен ауыл тұрғындарына оқшаулану оңайға соқпай тұр. Неше түрлі жайсыз жаңалықтарды естіп жатырмыз. Ал өнер эстафетасы халықтың рухын көтеріп, адамдардың шығармашылық қырын ашады, жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын оятады, - дейді ауыл тұрғындары.

Өз туған ауылдарында бастау алған челлендж еліміздің әр түкпірінде өмір сүріп жатқан Тасшағыл тумаларының тарапынан да қолдау тапты. Үш күн ішінде оған 50 шақты адам үлес қосты. Мұнымен эстафета аяқталмайды, оны ниет білдірушілердің барлығы да жалғастыра алады.


Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 сәуір 2020, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.