Атырау, 22 қараша 12:10
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мексика Президенті елдің атауын өзгертуді ұсынды

2 232 просмотра
 
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Мексика Президенті Фелипе Кальдерон елдің «Мексика Құрама Штаттары» атауын жай ғана «Мексика» етіп өзгертуді ұсынды.

Бұл туралы Ресей жаңалықтар агенттігі хабарлады.

30 қараша күні қызметінен кететін Кальдерон, бұл ұсынысты парламентке өзінің өкілеттігі аяқталғанға дейін енгізуді көздеп отыр.

«Нақты «Мексика» еліміздің болмысын білдіретін атау, Мексиканың атауы бұл - Мексика»,- деп атап өтті президент.

«Мексика» сөзінің шығу-тегі - индиялық, ол «мешика» ацтектер тайпасының атауын білдіреді. «Мексика Құрама Штаттарының» атауы мемлекет 19 ғасырда испаниялық отаршылдардан тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Елдің атауын таңдау барысында заң шығарушылар АҚШ-қа еліктеген. Себебі оның саяси жүйесін олар анағұрлым қарқынды деп санады.

Қазіргі уақытта Мексиканың толық атауы тек салтанатты шаралар мен ресми құжаттарда ғана аталады. Сондай-ақ темір шақаларға соғып жазылды. Ал қағаз банкноттарда «Мексика Банкі» деп қана жазылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 қараша 2012, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.