Атырау, 7 маусым 16:54
 дождьВ Атырау +25.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Ұлыбританияның премьері тыныс алдыру аппаратына қосылады - БАҚ

3 027 рет қаралды


Ұлыбританияның коронавирус жұқтырған премьер-министрі Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы оның ресми өкілі айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Дереккөз мәліметінше, шенеуніктің әлі күнге дейін дене қызуы жоғары, жөтеліп жүр. Джонсонның коронавирус жұқтырғаны он күн бұрын анықталған екен.

Енді премьер-министрдің тыныс алдыру аппаратына қосылатыны айтылады.

"Джонсон шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Тыныс алдыру құрылғысына қосады", - деп жазады басылым.

Дегенмен Джонсон сырқаттанып қалуына қарамастан министрлермен байланыста екен.

6 сәуірдегі жағдай бойынша Ұлыбританияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 47 806, ал қайтыс болғандарың саны 4 932-ге жеткен.

Дереккөз: tengrinews.kz 

6 сәуір 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.