Атырауда мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жеке емхананың 22 жастағы фельдшері 15 тәулікке қамауға алынды. Ол түнгі сағат екіде көлігімен қала аралап жүріпті. Сол түні полицейлер оны екі рет – алдымен Лесхозда, содан соң ескі әуежай маңында тоқтатқан екен.
Сотта ол кінәсін мойындамай, қарындасына дәрі іздегенін айтқан. Алайда айыптау тарапы жас дәрігердің кінәсін дәлелдеп берді. Ол қалаға өз шаруасымен шыққан екен.
Прокурор Ерік МҰХАМБЕТОВ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-тармағы (Мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы төтенше жағдай режимiн бұзу) бойынша соттан оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамауға алуды сұрады. Судья Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ прокурордың өтінішін қанағаттандырды.
Фархат ӘБІЛОВ