Атырау, 25 қараша 02:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кешіктіргені үшін айыппұл

2 041 просмотра

ТШО-дан 364 млн теңге болатын экологиялық айыппұлды уақытында төлемегені үшін 36,4 млн теңге өндіріліп алынды.

Бұл туралы Атырау облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Жасұлан ЖҰМАҒАЗИЕВ хабарлады. Оның айтуынша, прокуратура мемлекет кірісіне 10 пайыз атқару санкциясының өндірілуіне қатысты Сот актілерін орындау департаментіне тексеру жүргізген. Атап айтқанда, келесі факт қарастырылған: Облыстық мамандандырылған экономикалық соты Жайық-Каспий экология департаментінің «Теңізшевройл» ЖШС-нен 364 292 837 теңге мөлшерінде тигізілген зиянды өтетуге қатысты берген талап-арызын толықтай қанағаттандырыпты. Атқару қағазы Сот актілерін орындау департаментіне жолданған.   

Заң бойынша Теңізшевройл 5 күнтізбелік күн ішінде сот шешімін орындауы тиіс болатын, алайда мұны белгіленген мерзім өткеннен кейін жүзеге асырыпты.

Прокурорлық тексеру барысында сот орындаушыларының бұл жағдайда айыппұл сомасының тиесілі 10 пайызын өндіру шараларын алмағаны анықталды.

Сот актілерін орындау департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізілді. Нәтижесінде ТШО-дан мемлекет кірісіне 36 429 283 теңге мөлшерінде 10 пайыз атқару санкциясы өндіріліп алынды, – деп хабарлады Ж. Жұмағазиев.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 қараша 2012, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.