Атырау, 22 қараша 16:33
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мектеп: онлайн емес, қашықтан оқыту

4 553 просмотра


Осы тоқсанда оқушылар қашықтан оқытылады, - деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ 3 сәуірде өткен онлайн-брифингте.

Ол онлайн оқыту мен қашықтан оқыту арасындағы айырмашылыққа тоқталып өтті. Онлайн сабақ кезінде мұғалім тікелей көрсетілім арқылы сабақ береді. Елімізде 1 сәуірде өткізілген сынама сабақтар Қазақстандағы интернеттің мұндай жүкті көтере алмайтынын көрсетті. Қашықтан оқыту, министрдің пікірінше, құралдар мен әдістемелерді, түрлі алаңдарды анағұрлым кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ұстаздар мен оқушылар үшін анағұрлым қолайлы.

Жаңадан оқыту түріне дайындық барысында мектептер кедергілерге тап болды. Олар – отбасында компьютерлердің жетіспеуі мен интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігі. Еліміздегі оқушыларға мектептен 120 мың компьютер үлестіріледі. Бұдан басқа, 79 мыңнан астам компьютер, сонымен қатар роутер алып, үлестіру жоспарлануда.

5 бағытта оқыту қарастырылған. 

Біріншісі – «Балапан» мен «Ел арна» телеарнасынан екі тілде 10 минуттық оқыту бағдарламасы арқылы. Осы 10 минутта мұғалімдер жаңа тақырып бойынша ең маңызды нәрселерді сыйғызуға тырысады. Сабақтар тек теледидар арқылы емес, интернетте де көрсетіледі. Осы арқылы балалар түсінбеген тақырыбын кері тыңдай алады.

Екінші оқыту түрі – «Қазақ радиосы» арқылы. Мұны балалар қосымша құрал ретінде қолдана алады. Бір артықшылығы, радио еліміздің шалғай аудандарына да кең тарайды.

Үшіншісі – «Қазпошта» арқылы. Қазақстанда мектептері жоқ 1200-ден астам шалғай елді мекендер бар, онда әрі кеткенде 5 бала, 7 бала ғана бар. Бұрын ол балаларды күнде басқа, анағұрлым ірі елді мекенге әкеліп оқытатын. Бірақ қыста және жол бұзылған кезде бұл балалар «Қазпошта» көмегімен білім алды. Олар тапсырмалар жазылған хат алып, содан соң орындалған үй жұмысын сол арқылы кері жолдайтын.

Жету қиын шалғайдағы аудандарда аз жарақталған 1080 мектеп әдеттегіше оқиды. Бұл мектептерде бала саны аз, ол ауданның тұрғындары шалғайда өмір сүріп жатқандықтан, инфекция кіру қаупін азайтады.

Бесінші тәсіл – интернет арқылы. Интернеттің болуына және жылдамдығына, оқушылардың техникалық қамтылуына, мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығына қарай, жұмыс платформасын және сабақ оқу форматын мектеп өздері таңдайды.

Министр «Kundelik», «BilimLand», «Daryn» ескілді интернет ресурстарды атап өтті. Бірақ мұғалімдер басқа ресурстарды да, түрлі мессенджерлерді де пайдаланып, өз жұмысында кезектесіп қолдана алады. Яғни, мұғалім онлайн сабақ өткізіп, тақырыпты түсіндіру үшін ресурстардың біріне, телебағдарламаға сілтеме жасап, электронды күнделікке тапсырма бере алады.

Төртінші тоқсанда білім беру департаменттері тарапынан мұғалімдерді тексеру тоқтатылады. Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдер есеп те бермейді. Тоқсанда тек 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (СОР) (бұрын тоқсан ішінде бірнешеуі өткізілетін) мен тоқсандағы жиынтық бағалау (СОЧ) болады  деп жоспарланып отыр. Балаларға үй тапсырмасын көп жүктемеуді ұсынды.

- Көп нәрсе оқушылар мен ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты болады. Ұстаздарымыз бен балаларымызға сенім білдіруге тиіспіз, - деп сөзін түйіндеді министр.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 сәуір 2020, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.