АҚШ-та пандемияның кесірі ауылшаруашылық саласына да тиді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аймақтағы фермелер күн сайын ондаған литр таза сүтті пайдаға жаратпай, жер астындағы кәріз жүйесіне төгіп жатыр. Шаруа қожалары COVID-19 індетінің кең етек жаюынан, аймақтағы сүн өнімдеріне арналған қаптама мен ыдыс шығаратын бірнеше шағын кәсіпорынның жабылғанын айтады. Тіпті дүкендердің біразы да жұмысын тоқтатты.
Ал ісін дөңгелетіп отырғандар қызметкерлерінің жетіспеушілігіне шағымданады. Мамандар ел аумағы бойынша сүт өнімдеріне сұраныс көп болғанымен, жұмыстың бір тәртіпке салынбауы кесірінен сүт өндірісі ақсап қалды дейді.
Дереккөз: 24.kz