Атырау, 26 қараша 08:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Коронавирус адам өмірінде мәңгі қалуы мүмкін - ғалым

4 419 просмотра


Ресей ғылым академиясының академигі Виталий Зверев "Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында коронавирусқа қатысты жағдайға болжам жасады. 

Маманның айтуынша, SARS-CoV-2 адам өмірінде бірнеше жылға, тіпті мәңгіге қалуы мүмкін. Коронавируспен әлем халқының 70 пайызы ауырып шығады, ол адам өмірінде тұмау немесе аденовирус ретінде қалады. 

"Бұл вирус адам өміріне тек бүгін, ертең, жазға дейін не күзге дейін уақытқа келген жоқ. Ол біраз уақыт, тіпті өмір бойына қалуы мүмкін. 70-80 пайыз адам вирусты жұқтырады", - дейді вирусолог. 

Сарапшының сөзінше, егер COVID-19 қоздырғышының болуына ресейліктерді тестілеуден жаппай өтсе, оны жұқтырғандар саны жоғары, алайда коронавирустық инфекциядан өлім көрсеткіші төмен болар еді.

"Негізі өлім саны ешқандай да 5 пайыз емес, нақты сан тұмаудан болатын өлім санынан да аз", - деді маман. 


Дереккөз: tengrinews.kz

5 сәуір 2020, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.