Атырау, 25 қараша 02:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Каспий толқыны» – ел үздігі

2 281 просмотра

Республикалық құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік «Кондоминиум объектісін басқару бойынша үздік мекеме» конкурсының қорытындыларын жасады.

Марапатталған 16 ПИК төрағаларының арасында – «Каспий толқыны» кооперативінің жетекшісі Бауыржан ҚУАНОВ (суретте) бар. Оған Агенттік басшысы Серік НОКИН құрмет дипломы мен ноутбук тапсырды.

Осы тұрғын үй кооперативі бар болғаны бір үйге – Сарыарқа ықшамауданындағы 2006 жылы «Талан Констракшн» компаниясы салған, жеделсатымен, өз жылужайымен, канализациялық стансасымен және салқын су арынын арттыруға арналған сорғылармен жарақталған №40 үйге ғана қызмет көрсетеді. ПИК-тің пайдалану шығындарының тарифі орташа қалалық тарифтен жоғары – тұрғын алаңның бір «шаршысы» үшін 36 теңге. Есесіне таңертеңмен тазалаушы бүкіл қабаттың еденін жуып шығады. Әр қабатта арнайы қалқанда – сумен және жылумен қамту жүйелерінің крандары бар. Егер тұрғындардың бірінің радиаторларынан су ақса, бүкіл үйдің жылуын ажыратудың қажеті жоқ.

Қалалық ПИК қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлнар САЛИХОВАНЫҢ айтуынша, Б. Қуанов осы конкурсқа Атыраудың атынан шығу құқығына ие болған. Өйткені өзіне қарасты үйдің инженерлік тораптарын бастапқы күйде сақтай алыпты. Конкурсқа «ММ-19», «Бәйтерек алаңы» және «Жаңаша» ПИК-тері қатысулары тиіс болатын. Алайда Агенттік конкурс туралы тек басталуға 4 күн қалғанда ғана хабарлаған. Қазылар алқасына өз түйіндемесін, кооператив жұмысы туралы фотосуреттер мен бейнероликтерді тек Б. Қуанов ғана жолдап үлгерген екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат Елеуов

23 қараша 2012, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.