Атырау, 27 желтоқсан 03:42
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Челах сот отырысы залынан қайта кетті

1 914 просмотра

АСТАНА, 23 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтірді деген айып тағылған шекарашы Владислав Челах сот отырысына еркінен тыс күштеп әкелінген, деді агенттігітің тілшісі сот залынан.

Владислав Челах қолға түскеннен кейін, ол қызметтестері мен қорықшыны өлтіргенін мойындады. Ізінше психологиялық сараптама тағайындалып, «күдіктінің ақыл есі дұрыс» деген қорытынды шығарылған еді. Бірақ шілде айының аяғында Челах өз сөзінен бас тартты. Мұнысын ол «психологиялық қысым жасалғандықтан мойындадым» деп түсіндірді. 

Сәрсенбі күні сотта бейне жазба көрсетілген. Челахтың туыстары Владиславқа психологиялық қысым жасалды деп, көрсетілген түсірілімді шетелдік сарапшылар сараптасын деп талап етті. Сотталушының өзі сәрсенбі күні өткен сот отырысында денесіне зақым келтірмек болды.дәрігерлердің ақпаратынша, сотталушы денесіне ауыр жарақат келтірмеген. Кейіннен Челах сотпен істің материалдары тексеріліп біткенше процеске қатысудан бас тартқан. Сот процестің сотталушының қатысуынсыз жалғасатындығы туралы қаулы шығарған. Челахтың өтінішінде іс материалдар тексеріліп біткеннен кейін түсінік берітіндігі айтылған. 

Бұл ретте Челах түсінік беруге ниет білдірсе, оған ондай мүмкіндік беріледі, деп атап көрсетті судья.    

Жұма күні оны сот залына әкелген кезде, Челах процеске қатыспайтындығын айтып айқайлады. 

«Менің құқығымды бұзып жатырсында!», - деп айқайлады ол. 

Төрағалық етуші судья Ербол Ахметжанов, сотталушы оның анасы мен Челахтың залда болуын талап еткен жәбірленушілердің талабы бойынша әкелінгенін айтты. Алайда Челах процеске қатыспау туралы өзінің құқығын алға тартып, конвоирларға қарсылық көрсетті. Содан кейін олар, оны алып кетуге мәжбүр болды.

Дереккөз: newskaz.kz

23 қараша 2012, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.