Атырау, 29 наурыз 13:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қол ұшын бергіңіз келсе, «Өнерпазға» барыңыз

1 870 просмотра

1-2 желтоқсанда «Өнерпаз» тұрмыстық үйінде аз қамтылған отбасылар үшін заттар жинайтын «Өзгемен бөліс» акциясы өтеді.

«ААА» қозғалысының мүшелері бұл акцияны екінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылдың аяғында жиналған заттарды еріктілер Геолог поселкесінде тұратын аз қамтылған отбасыларға таратқан болатын. Биылғы жылдың тамызында олар Жұмыскер ықшам ауданында тұратын мұқтаж жандарға апарып берген еді. Өткен демалыс күндері тағы екі көлік зат жиналды.

Қала тұрғындары акцияға белсенді қатысуда - өйткені үй ішінде, әдетте көп ұсталған, бірақ әлі де жарамды заттар көп қой. Олар қожайындарына қарағанда, басқаларға өте қажет болуы мүмкін.

Тек киіммен ғана емес, балаларға арналған кеңсе тауарларымен, оқулықтармен, кітаптармен, тұрмыстық және үй ішіне қажет заттармен де көмектесуге болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 қараша 2012, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.