Атырау, 22 қараша 16:25
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

42500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

7 759 просмотра


42500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады, деп хабаролайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Ол үшін пайдаланушы: 

1. eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен "ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу" қызметін таңдаңыз. 

2. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "Бір реттік құпия сөзді" таңдаңыз. 

3. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз. 

4. "Өтініміңіздің өңделу үстінде" екені туралы  ақпарат көрсетіледі. 

5. Нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз. 

Егер жүйе сіздің мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек.

Тіркелу не үшін қажет?

Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзге бiреу ие болмауы үшін Жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстырады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді.

Осыдан кейін, сіз бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз. 


3 сәуір 2020, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.