Атырау, 21 қаңтар 03:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -12
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Атырау қаласында коронавирус жұқтырған 19-шы адам тіркелді

6 108 рет қаралды


Қауіпті инфекцияны жұқтырған - Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Covid-19 жұқтырған ер адам - Атырау облысының 1985 жылғы тұрғыны. Науқастың Қызылқоға ауданының тұрғынымен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Бұл коронавирус инфекциясы анықталған 28 жастағы Қызылқоға ауданы тұрғынынан облыстық ауруханада инфекция жұқтырған үшінші адам.

Қазіргі уақытта науқас инфекциялық карантинге жатқызылды. Айта кетейік, бұл Атырау облысында Covid-19 инфекциясы анықталған 19-шы жағдай.

2 сәуір 2020, 23:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.