«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Атырау қаласында 135 750 шаршы метрден астам жерді өңдеп, 100-ден аса түрлі нысандарды залалсыздандырды, деп хабарлайды «Батыс» Өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі.
Атырауда Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен қоғамдық орындарға кең көлемде дезинфекция жүргізуде. Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап Атырау қаласында Жилгородок, Лесхоз, Нұрсая, Авангард-2,3,4 ықшам аудандарында, сонымен қатар Қ.Сәтпаев көшесінің бойындағы үйлердің учаскелерінде санитарлық шаралар аяқталды.
Дезинфекция тұрғын үйлердің және оған іргелес аумақтардың, ойын алаңдары, алаң мен саябақ, мемлекеттік мекеме, базар, теміржол вокзалы және әуежай учаскелерінде жүргізілді.
Қызмет көрсету үшін персонал арнайы жабдықпен, газсыздандыратын қорғаныш жиынтығымен, сондай-ақ «Рубеж» маркалы дезинфекциялық ерітіндімен қамтамасыз етілген.
«Әскерилер жеке қорғаныс костюмімен жұмыс істейді. Жуғыш заттарды өңдеу үшін «Рубеж» дезинфекциялық ерітіндісі бар жеке газсыздандыру жиынтығы қолданылады. Ол адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз және 5 сағатқа дейін әрекет етеді. Залалсыздандыру үшін реагенттерді қажетті көлемде AРС-14 автокөлік құю станциялары қамтамасыз етеді», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының РХБ қорғаныс әскерлерінің бастығы майор Алмас Несіпқалиев.
Айта кетсек, карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Атырау қаласына 195-тен астам әскер жұмылдырылған. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін Қорғаныс министрлігі қаладағы көшелерді, ғимарат пен халық көп жиналатын жерді санитарлық тазарту үшін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс қондырғыларының әскерін жіберді.