Атырау, 22 қараша 15:13
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

42 мың кімге тиесілі

5 023 просмотра


Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42500 теңге жәрдемақыны алуға тек елде 16 наурыздан бастап ТЖ енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдар ғана алуға құқы бар. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде онлайн өткен баспасөз маслихатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Атырау филиалының басшысы Алмагүл ШАТЕНОВА хабарлады.

-ТЖ енгізілгенге дейін жұмыстан босатылған, қысқартылған немесе өз қалауы бойынша жұмыстан босатылған және қазіргі уақытта жұмысқа орналаспаған адамдар жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз мәртебесін алуға және жұмыстан айырылуына байланысты құжаттарын тапсыра алады. Қызметкердің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзіміне қарай жәрдемақы  1 айдан 6 айға дейін төленеді. Жәрдемақы мөлшері қызметкердің атынан соңғы 24 айда төленген түсімдері негізге алынады, - деді Шатенова. Кәсіпкерлердің бірі сұрақ қойды -оның ЖК жұмыс жасағанына 6 ай болмаған,  тіпті ол өз қызметіне бірінші жартыжылдық есеп беріп үлгермеген екен.  МӘСҚ екі айдың төлемін жасаған. Карантинге байланысты бутигін уақытша жауып қойған. Оған 42500 теңге тиесілі ме? Шатенованың айтуынша, ол тек бір рет аударса да тиесілі. Алайда, төлемді алуға құжат тапсырғанда, үміткер өзі берген мәліметтер үшін жауапты екенін ескеруі тиіс. Егер алдағы уақытта тексеруші орган көрсетілген уақытта олардың табыс алғанын немесе жұмыссыз қалған қызметкердің қатарына өз туысқанын жазғанын анықтаса, онда заң бойынша жауап беруге тура келеді.

- Жұмыспен қамту орталығына барудың қажеті жоқ, барлық құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы электронды түрде тапсыруға болады. Қазір көптеген азаматтар «Нұр Отан» партиясына, жұмыспен қамту орталығына, қалалық және басқа да органдарға барып жүр, олай жасаудың қажеті жоқ, - деп толықтырды Атырау қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. Үйден шықпаңыз – қазір ең маңыздысы денсаулықты күту. Барлық өтініштер электронды түрде қабылданады. Біріншісінде тапсыра алмасаңыз, кейін тағы көріңіз, қазір уақыт көп қой.

«АЖ» оқырмандарының бірі қала бойынша азық-түлік тауарлары мен ең қажетті тауарлардан басқа заттарды жеткізуге тыйым салған бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған фирмаларға билік пен құқық қорғау органдарын  ерекше назарға алуға шақырды. Бізде карантин кезінде де киім-кешек пен басқа да заттарды жеткізу және сату бойынша қызмет көрсетуді жалғастырып жүрген компаниялар бар. Маникюр жасайтын шебер  мен шаштараз клиенттің үйіне барып, қызмет көрсетіп жүр.

- Осы қаулыға байланысты кейбір мекемелердің қызметіне қатысты шектеу шаралары қабылданып, түрлі демалыс орталықтары мен ойын-сауық орындары жабылды. 70 адам ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы -  «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша жауапқа тартылды, – деді әкімнің орынбасары. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 сәуір 2020, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.