Атырау, 26 желтоқсан 15:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Кейбір танымал брендтер өндіретін киім-кешек құрамында у бар

2 743 просмотра

Өзінің Detox Campaign халықаралық науқан аясында Гринпис 25 танымал fashion-марка тауарларының улылық деңгейін тексерді. Люкс санатындағы тауарлар да, мысалы Armani, және анағұрлым демократияшыл Levi's, Zara, Mango, H&M маркалары да тексерілді. Нәтижелері көңіл көншітерлік емес, деп жазады РБК style.

Сәнді киімнің қатардағы тұтынушының денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігін анықтау үшін Гринпис 2012 жылдың сәуірінде әлемнің 29 елінен ресми ритейлерден 141 бірлік тауар сатып алды. Нәтижесінде ұйымдастырушылар іздегенін тапты: төрт тауардың құрамынан улы фталаттың жоғарғы мөлшері, екі тауарда – обыр дертін тудыратын азот бояғыштар, ал 89 тауарда – аллергиялық реакциялар, тіпті терінің күйіп қалуын тудыратын, тыныс алғанда өте қауіпті зат нонил фенол анықталды.

Нәтижесінде Гринпис жиырма сәнді маркаға олар өндіретін киім-кешек пен аксессуарлар тұтынушылардың денсаулығына ғана емес, өндіру және жуу кезінде суды ластау арқылы қоршаған ортаға да зиян тигізетін қауіпті химикаттар бар деген айып тағып отыр.

Зерттеу нәтижелері жасырын емес, Гринпис «айыптылардың» есімдерін атап отыр, мысалы құрамында канцерогендер бар 2 киім Zara брендіне тиесілі.

Дереккөз: bnews.kz

22 қараша 2012, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.