Бүгін сағат 00:00-де Атырау толығымен карантинге жабылды.
Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мұнайлы астанаға кіруге және одан шығуға тыйым салынады. Бұған дейін қала тұрғындарына Атырауға оралуға, ал басқа қалалар мен аудандардың тұрғындарына қаладан кетуге 48 сағат уақыт берілді.
Айта кету керек, азық-түліктер мен басқа да қажетті заттарды жеткізу үшін жасыл дәліз сақталады.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор