Атырау, 24 желтоқсан 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Медбике мен пациент инфекцияны облыстық ауруханада жұқтырған

4 549 рет қаралды


Әйел мен қыз Covid-19 тасымалдаушысымен байланыста болған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 34 жастағы медбике мен 21 жастағы науқас 1 сәуірге қараған түні коронавируспен ауруханаға жатқызылған 28 жастағы әйелмен байланыста болған.

Қазіргі уақытта олар инфекциялық стационарда емделуде, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны ЖРВИ айқын белгілерімен облыстық аурухананаға хабарласқан. Тест нәтижесімен Соvid-19 инфекциясы анықталып, науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдар оқшауланды және медициналық мекеменің ғимараты дезинфекцияланды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

2 сәуір 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.