Атырау, 22 қараша 15:23
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Шағын ателье маска тігетін болды

3 901 просмотра


Құрманғазылық мүгедектер орталығы жанынан 4 тігін машинасымен маска тігу ісін бір жолға  қойған «Нұршуақ» ательесі жұмыс жасап тұр. Алғашында тігіншілер күніне 50 маска тіккен болса, қазір оның санын 200-ге жеткізген.

-Ателье 2014 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қазір біз жұмысымызды маска тігуге бейімдеп алдық.  Тігіншілердің қатарына Айсара мен Зәуреш есімді еріктілер қосылды, жұмыс таңертеңнен кеш қараңғысына дейін дамылсыз жалғаса береді, - дейді «Нұршуақ» ательесінің бастығы Гүлсара КАРЛЕНОВА. – Бірі пішіп, екіншісі тігеді, үшіншісі дайын масканы қорапқа жинайды. Өткен аптада 100 данасын аз қамтылған отбасы және мүгедек жандарға тараттық. Жалпы бір данасын 200 теңгеден сатамыз.  Өкінішке орай, шикізат қымбат: матаның 1 метрі 1500-2000 теңгеден, резеңкесі – 250-ден, ал жібі 350 теңге тұрады. Іс машинамыз да ескі, жиі сынып қалатын инесінің бағасы базарда 500 теңге тұрады. Сонда 1 маскадан 50 теңге пайда көреміз, кейде одан да аз шығады. Оның үстіне біздің масканы алыпсатарлар 300 теңгеден сатады дегенді жиі естимін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 сәуір 2020, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.