Пәкістанның Равалпинди қаласында жойқын жарылыс болды. Жанкешті құрлықтағы әскерлер штаб пәтерінің алдында шииттердің шеруі кезінде жарылыс жасады.
Салдарынан 16 адам қаза тапты. Тағы 32 адам түрлі жарақат алды. Бұған дейін осы елдің Квет қаласында Пәкістан әскерлерінің автокөлігі кетіп бара жатқан жолда жарылыс болды. Қаза тапқандардың ішінде 3 әскер қызметкері бар. Әзірге лаңкестік әрекетті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, соңғы кездері елде жарылыстар жиілеп кетті. Бүгін Исламабадта ислам мемлекеттер саммиті өтеді. Онда Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Иран, Малайзия, Нигерия, Пәкістан мен Түркия елдерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысады.
Дереккөз: 24 KZ