Атырау, 22 қараша 15:48
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Әзірге тұрғын үй жәрдемақысы төленбейді

3 244 просмотра


Еліміздегі тұрғын үй жәрдемақысын алушылар ақшаларын ала алмай отыр. Олардың қатарында Атырау тұрғындары да бар.

«АЖ»-ға өткен жылдың 4-ші тоқсанында тұрғын үй жәрдемақысының төленбегеніне наразы болған қала тұрғындары шағымданды. Олар төтенше жағдай мен карантинге байланысты коммуналдық кәсіпорындар төлемдерді онлайн қабылдауға көшкендіктен, наурыз айының түбіртегін қалай жинаймыз деп те алаңдаулы.

- 2019 жылдың 31 желтоқсанында «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасы» күшін жойды. Қазіргі кезде осы нормативтік-құқықтық актінің болмауына байланысты тұрғын үй жәрдемақысын төлеу үшін құжаттарды қабылдау тоқтатылды. Қазір еліміздің барлық жерінде осы жағдай. Біз өткен тоқсан үшін төлем жасай алмаймыз. Өйткені оны тағайындау туралы шешім 2020 жылдың басында шығуы тиіс. Бұл уақытта бұрынғы ережелер өз күшін жойды. Ал жаңа құжат әлі қабылданған жоқ. Осы мәселемен бізге жүгінетін жандарға әзірге анықтама жинауға, сонымен қатар, коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың төленбеген қағаз түбіртегін сақтауға кеңес береміз. Төзімділік танытайық, - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлмира АРШЫБАЕВА.

Өткен жылдың соңғы тоқсанындағы қорытынды бойынша Атырауда 600-ден астам тұрғын үй жәрдемақысын алатындар бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА      

1 сәуір 2020, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.